Оралмай кеткен күндер-ай,
Алыстағы күн мен ай.
Аяулым нұрға бөлеп жанымды
Нұр бейнеңді сағындым.
Армандаймын, қиялдаймын әрдайым
Әндерімді арнайын.
Жаным, сен дегенде жыр дайын,
Жүрегіммен жырлайын.
Сандуғаш шырқап әнімді
Баурады менің жанымды
Аяулым, өмір шырақ жанарым
Нұр бейнеңнен табармын
Армандаймын, қиялдаймын әрдайым
Әндерімді арнайын.
Жаным, сен дегенде жыр дайын,
Жүрегіммен жырлайын.