Ойланып тұрсам қарап
Қанша жыл қанша сағат
Жүремін қағып қанат
Өмірдің арнасында
Қаншама рет құладым
Көріп өмір сынағын
Мен сонда да сынбадым
Әкемнің арқасында
[Қайырмасы]
Әкем менің дәулетім
Анам менің жәннатым
Бауырларым қанатым
Бірге бақыт табатын
Әкем менің дәулетім
Анам менің жәннатым
Бауырларым қанатым
Бірге бақыт табатын
Көкке жетер қолдарым
Түзу болды жолдарым
Болып панам, қорғаным
Дұшпанға жол бермедім
Достан тарлық көрмедім
Тек биікке өрледім
Әкемнің арқасында
[Қайырмасы]
Әкем менің дәулетім
Анам менің жәннатым
Бауырларым қанатым
Бірге бақыт табатын
Әкем менің дәулетім
Анам менің жәннатым
Бауырларым қанатым
Бірге бақыт табатын
[Қайырмасы]
Әкем менің дәулетім
Анам менің жәннатым
Бауырларым қанатым
Бірге бақыт табатын
Әкем менің дәулетім
Анам менің жәннатым
Бауырларым қанатым
Бірге бақыт табатын