Шағала
Түсіме кірдің бүгін тағы да
Тыныштық берші өтінем жаныма
Қоштастық па мазалама
Жүрегімді жаралама
Қалмаған өзің менің қасымда
Тек өзің едің менің барым да
Ұмыттың бәрін оралмашы
Тыныштық берші жаныма
Қайырмасы:2рет
Алыстардан қол бұлғама
Көз жасыңды енді бұлғама
Болмаймыз сенімен
Қалмадың менімен
Бұл енді сенің таңдауың
Шағалам едің қолға қонбаған
Түсінсең мені ауыр ғой сол маған
Жапырақ сезім жерге түсті
Жауап келмеді жолдаған хаттардан
Мазалап мені сенің елесің
Білемін енді қайтадан келмессің
Жазылған сол маңдайыңа
Тағдырыңа көнесің
Қайырмасы:2рет