Әmre Менің елім минус №2

00:00 / 04:05
Loading
Скачать
0
786
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: нейро-минус (нейромастер)
Свойства файла: 9,3 Мб 320 кбит/с
Загружено: Myworld @ 30.11.21
Текст песни «Менің елім»
  
Қорғап даласын, Жайығымның жағасын
Атыраудың ұландары.
Күй-жырын ойнаған, Каспиімді жайлаған,
Ақтауымның қырандары

Таймас оң жолдан, ғалымдарға төр болған
Қостанайдың кең даласы
Жайсаң жайдарлы, рухы биік айбарлы
Павлодардың әр баласы

Бұл менің елім, Бұл менің елім,
Мекенім менің туып-өскен төңірегім.
Ұлы далама, әрбір қалама,
Сенемін, ұлы елім!

Бұл менің елім, Бұл менің елім,
Мекенім менің туып-өскен төңірегім.
Ұлы далама, әрбір қалама,
Сенемін, ұлы елім!

Елдің әнімен, ұлылардың жырымен
Семейімнің өскен елі.
Күн күлген көгінен, Ертіс аққан төрінен,
Шығысымның Өскемені.

Билеп ән салған, құшақ жая қарлы алған
Жер жетпейді Шымқалама
Байқоңыр төрінен зымыраны көрінген,
Жер кіндігі Қызылорда

Бұл менің елім, Бұл менің елім,
Мекенім менің туып-өскен төңірегім.
Ұлы далама, әрбір қалама,
Сенемін, ұлы елім!

Бұл менің елім, Бұл менің елім,
Мекенім менің туып-өскен төңірегім.
Ұлы далама, әрбір қалама,
Сенемін, ұлы елім!

Алтын алмасы, ғашықтардың қаласы,
Жаһандағы жер жәннаты.
Жарқын жандары, алатаудай арманы,
Көктен түспес өр Алматы.

Елдің сенері, бәйтеректей беделі,
Елордасы, бас қаламыз.
Сүйсініп қараған, елбасымыз қалаған,
Әлем білген Астанамыз.

Бұл менің елім, Бұл менің елім,
Мекенім менің туып-өскен төңірегім.
Ұлы далама, әрбір қалама,
Сенемін, ұлы елім!

Бұл менің елім, Бұл менің елім,
Мекенім менің туып-өскен төңірегім.
Ұлы далама, әрбір қалама,
Сенемін, ұлы елім!
Текст добавлен: Myworld
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.