Сезімімді білдірсем де көнбедің,
Сүйем деген сөзіме де сенбедің.
Енді қалай көндіремін өзіме,
Сенен асқан сұлу жанды көрмедім.
Білем саған талайлар қол созғанын,
Сенен көрем жүйкемнің де тозғанын.
Қызғандырып күндей сұлу көркіңмен,
Жүрегімді, жүрегімді қозғадың...
Сырттай ғана ғашық болып өтем бе,
Бұның бәрі айтшы сонда бекер ме?
Болайыншы жүрегіңе жақын жан,
Өтінемін айналдырма бөтенге.