Менің үніме құлақ түр келіп
Бәрі де бәрі сынақ білемін
Өмір жайында ойлана қалсам
Ессіз адамдай жылап күлемін
Жүрмес өлместей өмірге келіп,
Жалғанның жайлы төрінде көріп
Басыңа жауған бақыттың қары
Түседі-ау бір күн түседі ау бір күн
Көңілден еріп
Кетер әкеңде анаңда кетер
Кеткенше саған алаңдап өтер
Тірі кезінде құрметте бәрін
Өкпелегенше заманға бекер
Бермес ешкімге тіршілік баға
Татымас тағдыр бір шыбыққада
Ана өмірге апаратының
Құдайға қылған құлшылық қана
Ана өмірге апаратының
Құдайға қылған құлшылық қана
Шіркін таусылса әттеңің ғана
Салқын күндердің сәттерін қара
Жалғаннан жалғыз алатын еншің
Бір екі метр ақ кебің ғана
Сыналар өмір өтімек үшін
Бай адам мықты секілді үшін
Жер бетін ешкім жаулай алмайды
Жер жаулап алар бетіндегісін
Жер бетін ешкім жаулай алмайды
Жер жаулап алар бетіндегісін
Жетер Алланың үкімі алдағы
Пенденің өлмеу бүкіл арманы
айтып келмейтін ажал құрғұрдан
Қорқыттың өзі құтыла алмады
Қалар артыңда жаңғырық елес
Әрбір адамның тағдыры белес
Бәріңе мәңгі өмір тілерім
Өмірде бәрі мәңгілік емес
Бәріңе мәңгі өмір тілерім
Өмірде бәрі мәңгілік емес