Келсеңші ауылыма ерте күн көрпе жамылғанда
Бассаңшы бауырыңа, еркем, кеудеңде жаның барда
Жаның барда хақың жоқ сағынбауға
Өтерсің көлден, ағыннан да
Жетерсің белден, тауыңнан да
Жаным-ау мені сағынғанда
Өтерсің көлден, ағыннан да
Жетерсің белден, тауыңнан да
Жаным-ау мені сағынғанда
Сенсіз де желден жүйрік жылмен жылжuды айлар алға
Сүймеген болсаң егер мүмкін серт берші ойламауға
Ойлағаннан ойлашы пайда бар ма?!
Жүрсең де мейлі қай ғаламда
Жүрегім жүрер айналаңда
Жаным-ау мені ойлағанда
Жүрсең де мейлі қай ғаламда
Жүрегім жүрер айналаңда
Жаным-ау мені ойлағанда