Текст песни «Жаңбыр төкті. Қырғызша»
Жаңбыр төкті еш басылмай,
Біз келеміз қоштаса алмай.
Ыстық сезім қалды-ау тұнып ,
Қарсы алдымнан дауыл соғып.
Қ-сы
Күн күркіреп, жаңбыр төккен,
О, сол күндер қайда кеткен.
Жастығымдай қимасымдай,
Қайырылмай кетесің.
Жаңбыр төкті еске түстің,
Алыс қалған жастығымдай.
Сағынтасың жүректі езіп,
Қолдан ұшқан аққуымдай.
Қ-сы
Күн күркіреп, жаңбыр төккен,
О, сол күндер қайда кеткен.
Жастығымдай қимасымдай,
Қайырылмай кетесің
Жылдар ұшар қанатымдай,
Жаңбыр төгер еш басылмай.
Жаңбырларда ескерерміз,
Алғашқы сүю ұмытылмай.