Қараңғы түнде тау қалғып Ұйқыға кетер балбырап Даланы жым-жырт, дел-сал ғып Түн басады салбырап Шаң шығармас жол-дағы Сілкіне алмас жапырақ Тыншығарсың сен-дағы Сыбыр қылсаң азырақ