Ұстазыма
Сөзі: Ернар Жақсыбаев
Әні: Замир Гумаров
Ерекше жаратылған,
Ұстазым дара тұлғаң.
Өзіңе арналады,
Бүгінгі салатын ән.
Мәпелеп қанша бала,
Ұшырдың сан-салаға.
Өзіңе оралсыншы,
Бақыт боп сонша ғана.
Қайырмасы
Ұстазым, құтты болсын,
Бүгінгі мерекеңіз.
Өзіңізден, сөзіңізден,
Бой түзеген ел екенбіз.
Тынбастан ертелі күн,
Шаттық күй шерте білдің.
Көтердің аз болғандай,
Шәкірттің еркелігін.
Бүгінгі шақта мына,
Балалық баққа куә.
Сағынып еске аламыз,
Сізді де, тақтаныда.