Көргенде сені қысылам жаным
Не керек саған ұсынам бәрін
Өзінше болып қинайсың мені
Сенікі жай ма түсіне алмадым
Қайырмасы:
Қызық екенсің, қызық екенсің
Мен қызығып жүрсем бұзық екенсің
Қызық болсаң да, бұзық болсаң да.
Сұлулардың жаным жүзіне теңсің
Басымнан менің таймашы бағым
Уақыт бар әлі қайда асығамын
Өкпелетсем де сүйем ғой сені
Қатты кетпеші жайлашы жаным
Қайырмасы:
Қызық екенсің, қызық екенсің
Мен қызығып жүрсем бұзық екенсің
Қызық болсаң да, бұзық болсаң да.
Сұлулардың жаным жүзіне теңсің.