Аралап талай жердің дәмін таттым,
Құс салып айдын көлде дабыл қақтым.
Айта алмай Гәккуімді ешбір адам,
Маймаңдап қоңыр қаздай мамырлаттым.
Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын,
Жай тастап құлашымды,кең аламын.
түкенде сен есіме,ерке Гәкку,
Құлпыртып осынау әнді толғанамын.