Ахоу!
Айналдым туған жерім,
Кең байтақ,думанды елім
Байлығым сенсің менің-ай
Пай-пай!
Көркіңе сай болайын,
Көгіңде ай болайын
Сен барда барма уайым
Бір өзіңнен айналайын-ай
Пай пай елім-ай
Туған жерім-ай
Жазира елім елім елім менің
Кең көсілген жерім менің жер жəннəті сен деп білемін
Баурайды сенің сенің сенің көркем
Көркейе бер жайып өркен
Бір өзің деп соғар жүрегім