Табыстым деп жүрегіммен
Қауыштым деп Жібегіммен
Жан дүнием жүрегіммен өзіңді сүйдім
Аллам беріп бақ, талапты
Біз аңсаған ақ таң атты
Періштедей ақ қанатты ақ көйлек кидің
[Қайырмасы]
Сен менің королевамсың
Мен сенің королің болам
Шыққанда шағала даусың
Қарсы алар аралың болам
Сен ертең ана боларсың
Мен мәңгі қамалың болам
Өмірім садаға болсын
Королевамсың!
Адалдықтан нәр алғансың
Ақыл қосар адал жансың
Қабырғамнан жаралғансың
Жұбымсың мәңгі
Тағдырыңа алаңдама
Қадам бастың ақ ордама
Королевам саған ғана
Арнаймын әнді