Айналдым ана деген асқақ аттан
Ұлыңмын атқа мініп көкпар тартқан
Бүгінгі бұл мереке сіздердікі
Мейрамың құтты болсын болып жатқан
Қайырмасы:
Сенің анаң – алтын, менің анам – алтын
Құлпыра бер қарындасым аман болып жалпың
Ақ жеңгелер әнін, сұлу қыздар сәнін
Аналарды құттықтап қол соғыңдар бәрің
Біз түгіл, пайғамбар да ұлы анадан
Қыз мүсін, ару ана қынамадан
Сағасы тіршіліктің Адам ата
Жар болған ақ есімді бір анаға