Жылжып жатыр, сырғып жатыр күндер.
Білінбестен өтіп жатыр түндер.
Аз ғұмырда жайқалсыншы жайнап,
Жаңа қауыз ашқан гүлдер.
Жеткізбейтін жүйріксің-ау уақыт,
Сырласайын өзіңе тіл қатып.
Қатал уақыт алаңдаймын кейде,
Алар ма деп нəзік жүректерді жылатып.
Қайырмасы:
Барасың қайда зымырап, уақыт?
Талайға əлі қонған жоқ бақыт.
Қас-қағым сəтте ақ таңың атып,
Қайтадан күнің кетеді батып.
Сағат сынды соғады бұл жүрек,
Асығады айтуға бір тілек.
Бірімізге біріміз аз күнде,
Үлгерейік бақыт тілеп.
Қош айтысып өтіп жатыр жылдар,
Өмір шіркін, арғымақтай зулар.
Онсыздағы аз ғой мына ғұмыр,
Арманына жетсін жауқазындай тағдырлар.
Қайырмасы: