Бір көргеннен ғашық болдым өзіңе
Еркелеген балдай тәтті сөзіңе
Қылығынмен баурап алдың жанымды
Қарай бердім нұрға толы жүзіңе
Пай пай шіркін ұмытылмас күн
Пай пай шіркін ұмытылмас күн
Аңсап күткен арманым сен
Алаулаған таңдарым сен
Алақанда аялайтын
Аңсарым да ардағым сен
Жүрекке ешкім жүргізе алмас әмірін
Сөндіре алмас сезімімнің жалынын
Бақыттыммын бұл әлемде сені егер
Тағдырыма тарту етсе тәңірім
Пай пай шіркін ұмытылмас күн
Пай пай шіркін ұмытылмас күн
Аңсап күткен арманым сен
Алаулаған таңдарым сен
Алақанда аялайтын
Аңсарым да ардағым сен