Шымкенттің арулары шырайымдай,
Дайындап қалың малды тұрайынба-ай.
Атырау арулары бағалы ғой
Қара алтын қазыналы мұнайындай.
Қызылорда қыздары күріштейін,
Ол жаққа күйеу болған дұрыс дейін.
Ақтауда сақталынған салт-дәстүрім,
Білмесем батысыма кіріспейін.
Қайырмасы:
Қазақтың қызы ғана әп-әдемі,
Біреуі баурап алды оппа мені.
Алматы алмасындай тәтті-ақ еді,
Астана суығындай қатты-ақ еді.
Қазақтың қызын сүйсін қазақ жігіт,
Болмасын өзге ұлттар жоқ дәмелі.
Ұсынар Қарағанды қап көмірді,
Ақтөбе арулары ақ көңілді,
Үйленсең отбасы боп өткізесің,
Тараздың қыздарымен тәтті өмірді.
Көкшетау,Қызылжар мен Қостанайдың,
Семейдің қыздарын да тастамаймын.
Қазақтың қыздарының бәрі әдемі,
Оларсыз өлеңімді бастамаймын