Кіршіксіз жүрегіндей жас баланың
Анашым өзің менің асқақ әнім
Өсірдің әлдиледің аяладың
Ойыңнан бір сәт мені тастамадың
Қайырмасы:
Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоры сен сәбидің
Гүлі де сен әр үйдің
Ойладың бүлдіршіндей бала қамын
Сипады маңдайымнан алақаның
Сөзіңді екі етпей қадірлейді
Қарайды қабағыңа балапаның