Сүрініп сөзің, суынып сезім,
Жуынып көзің тұр әлі жасқа.
Кетесің жырақ қайтесің жылап,
Таңдаған өзің менен алыс жол асқан.
Сен айтқандай болса бәрі,
Кетпе дегім келсе-дағы,
Бөгемеймін мен жолыңды босқа.
Қайырмасы:
Табылмас өзгеден жүрек қалауым,
Болсаң да сен сағым.
Өзің жаққан енді сөнбейді жалын,
Мен саған шын бақыт тілеп қаламын,
Ашылсың деп бағың,
Арайлап атсың таңың.
Тек ұмытпашы жаным,
Саған ғашық бір адам барын.
Біз мінген қайық бағыттан тайып,
Болды ғой ғайып үміт пен арман.
Бір жүрген кезде айтылған сөздер,
Екенін білмедім мен де жалған.
Мен саған кінә тақпаймын,
Есімде бірақ сақтаймын,
Елесіңді жүрегімде қалған.
Қайырмасы:
Табылмас өзгеден жүрек қалауым,
Болсаң да сен сағым.
Өзің жаққан енді сөнбейді жалын,
Мен саған жұмбақ қып тілек қылармын.
Ашылсың деп бағың,
Арайлап атсың таңың.
Тек ұмытпашы жаным,
Саған ғашық бір адам барын.