Күндiз-түнi бiр тынбай
Дала кезген шапқылап
Құмар едiм өзiңе
Бала кезден, Ақбұлақ
Әнге бөлеп маңайды
Асып-тасып жатасын
Ақ моншақтан аспанға
Шашу шашып жатасың
Сенiң келiп жағаңнан
Анам талай су алған
Сенiң келiп жағаңнан
Әкем атын суарған
Айналайын, Ақбұлақ
Асыр салғам жағаңда
Сенен артық өлкенi
Бұл әлемнен табам ба!
Арудайын еркелеп
Мың бұралған, Ақбұлақ
Айдын көктен ғышық боп
Күндi ұрлаған, Ақбұлақ
Сен болмасаң қыр гүлi
Ашылмайды, Ақбұлақ
Саған деген құмарым
Басылмайды, Ақбұлақ
Сенiң келiп жағаңнан
Анам талай су алған
Сенiң келiп жағаңнан
Әкем атын суарған
Айналайын, Ақбұлақ
Асыр салғам жағаңда
Сенен артық өлкенi
Бұл әлемнен табам ба!
Шексiз жатқан жерiмдi
Сүйiп келiп жатасың
Бойындағы барыңды
Үйiп берiп жатасың
Тынбай кезсем даламның
Атырабын, Ақбұлақ
Тұнығыңа ойымды
Батырамын, Ақбұлақ
Сенiң келiп жағаңнан
Анам талай су алған
Сенiң келiп жағаңнан
Әкем атын суарған
Айналайын, Ақбұлақ
Асыр салғам жағаңда
Сенен артық өлкенi
Бұл әлемнен табам ба!