Туған жер,тауың да ыстық,тасың да ыстық
Туған жер,бауырың да ыстық,басың да ыстық.
Тоғайың,топырағың аунап өскен
Тауларың,төбелерің қандай ыстық
Қайырмасы:
Туған жер, туған жер,
Балапан, көбелек қуған жерім-ай!
Туған жер, сай мен сала аймағында,
Ән шырқап қазақ, қырғыз жайлауында.
Салқын су, самал жел, жұпар аңқып,
Менің де әсер бердің сайрауыма.
Қайырмасы:
Туған жер, туған жер,
Балапан, көбелек қуған жерім-ай!
Туған жер, тайға таңба басқандайсың,
Таныс жер түнде жүрсең жасқанбайсың.
Өрлесең өрге қарай өрмекшідей
Таңырқап тау басына аспандайсың.
Қайырмасы.