Nasr aka Tabynai Біз жоқты қайдан аламыз минус

00:00 / 02:38
Loading
Скачать
0
814
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: ориг
Свойства файла: 6 Мб 320 кбит/с
Загружено: tabynai @ 31.08.15
Текст песни «Біз жоқты қайдан аламыз»
  
Кейде бір ой келеді, ашуға бой береді.
Ал оған кінәлі біз, ол қашан өзгереді.
Ол қашан түзеледі, қашанғы күлкі боламыз.
Күтіп тұр алда барзақ, және қараңғы моламыз.

Біз қашан оңаламыз, қашанғы тоналамыз.
Қызымыз жұрдай ардан, сенбесең барып сұраңыз.
Еріміз жүр ерігіп, қысқа етектің соңында.
Атасы ішіп өлгендей, арақ темекі қолында.

Қартымыз жүр қалшылдап, жас қыздың айтып өсегін.
Кәлимасы жоқ аузында, біреудің жатқан төсегін.
Біреудің мінген есегін, көршінің жеген кесегін.
Тышып сигенді аңдып, санайды елдің есебін.

Айып жоқ жастарға тағар, көргенін істейді олар.
Бес жеті бармақты шөпке, үлкені кішісі құмар.
Түбінде түсінетін болар, денсаулығы сыр бергесін.
Кеш болат ол кезде бірақ, мүмкіндік жоқ емделетін.

Қайырмасы:

Жоқшылықпен жұрдай болып, біртіндеп құрып барамыз.
Болсын деп тілеппе еді, осыны ата-бабамыз.
Рухани тәрбиеден, құр қалған пенде санамыз.
Бесіктен бермегесін, біз жоқты қайдан аламыз.

Қоғамның түрі мынау, еліңді қытай қаптаған.
Көзі қысық жауыздар жүр, ҚАЗАҚ намысын таптаған.
Билік болса сол баяғы, жалған айтып көпіретін.
Су ішкен құдығына, өзі келіп түкіретін.

Дінімнің түрі мынау, ағымдардан көрінеді.
Неге ИСЛАМ діні, тармақтарға болінеді.
Неге балақ түргендерге, аларған көзбен қараймыз.
Намазхан ұл қыздарды, неге адасқан санаймыз.

Ала ауыздық туындайды, саяси діни бағытта.
Сыртқы күштердің әсері, ойыңды жина дамытта.
Басты қатырып қамықпа, түсініксіз іші қараңғы.
Ойласаң қаната берер, кеудеңе біткен жараңды.

Тойынған тойып секірсе, дауа жоқ тоңғанға сірә.
Мақтанып айтып жүретін, модаға айналды күнә.
Сідіктей сап-сары сыра, шипалы суға айналды.
Бүгінгі ұрпақтары, ҚАЗАҚтың қанын лайлады.

Автор: Nasr aka Tabynai [ 2015 ]
Текст добавлен: tabynai
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.