1. Шет жүрсем сағынарым,
Жабықсам шағынарым.
Анашым бір өзіңсің,
Табынарым.
Қ-сы:
Анашым шалқып күлсең,
Алдымда ұзақ жүрсең.
Жүрегім жыр толғайды,
Көңілім ортаймайды.
Анасы бар адамдар,
Ешқашан қартаймайды.
2. Ұшырған сұңқарыңмын,
Қияға шырқарыңмын.
Бәйгіге өзің қосқан,
Тұлпарыңмын.
Қ-сы:
3. Қорғаным өзің деймін,
Жан дауа сөзің деймін.
Анашым сені ойласам,
Көз ілмеймін.
Қ-сы.