Мақпалжан гүлмісің, тез орал жыл құсым
Сымбаттым, сырлысың, мені ойлап жүрмісің
Бал сезімді бақытымсың, асыл жан жақұтымсың
Қадіріңді білгенім, қасиет деп сүйгенім,
Әппағым, әппағым,
Арналар тәтті әнім,
Есімнен кетпейді
Бір жүрген шақтарым.
Әппағым, Мақпалым,
Өмірлік мақтаным
Бұрымың, шаштарың
Қиылған қастарың
Бөтакөзің мөлдіреп, етжүрегің елжіреп,
Қарасаң, әппағым, айтылар тәтті әнім
Ғашықтық ғаламат, біл көңл аралап,
сен биші ару қыз, мен әнші азамат
Әппағым, әппағым,
Арналар тәтті әнім,
Есімнен кетпейді
Бір жүрген шақтарым.
Әппағым, Мақпалым,
Өмірлік мақтаным
Бұрымың, шаштарың
Қиылған қастарың
Ғайып боп сәулем қас-қағым,
Сала көрмеші басқа мұң,
Жүректі мынау жылатты-ау
Алыстап бара жатқаның
Жалғас Бекзат Бақытбекұлы