Өткен күндер
Кеткен күндер
Өздігімен оралмайды
Жаз да келер көктем гүлдер
Бәрі бірақ бұрыңғыдай бола алмайды
Көктем өтер жаз да кетер
Күз де келер абыр-сабыр
Жаңарымнан маздап өтер
Жастық шағым жалың шағым
Мекеніне гүл дариға
Мені тастап қайтар құсым
Сол бір жалың жылдарыма
Сағынышты сәлемімді айтармысын
Жастығымның айғақ еді
Жасыл жебе желбіреген
Қайда менің Айнагүлім
Қыз көзіңдей мөлдіреген
Өмір сені көп ойлаймын
Оңашада қалғанымда
Атар таңнан көз алмаймын
Алаңдаймын алдымдағы арманыма
Көктем қашан гүл атады
Әнге бөлеп бұл өңірді
Қандай жан келіп жұбатады
Менің ғазиз жүрегімді