Сағынсаң мені сәулем ай
Жолдармен таныс жүргейсің
Сонда сен мені әрдайым
Жанымда бар деп білгейсің
Қ/сы
Түнде сен жүрсең көшеде
Шамдарға жанған қарарсың
Шалқып бір жүрген шақтарды
Гүлім ау еске аларсың
Сонда сен мені есіңе ал, сонда сен мені есіңе ал
Таңым ау мені сағынсаң
Толқынға көз сал ұрынған
Жүгірген толқын жүрегі
Алдыңа келіп жығылған
Қ/сы
Айым ау мені сағынсаң
Сырнайдың сазын байқарсың
Жаным ау саған сыйлаған
Осы бір әнімді айтарсың