Руслан Мамытов Келши куланга минус

00:00 / 04:15
Loading
Скачать
0
2904
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Свойства файла: 7,7 Мб 256 кбит/с
Загружено: Проект «Достык» @ 24.11.14
Текст песни «Келши куланга»
  
Әні: Мэлс Өзбековтікі.
Сөзі: Айша Көпжасарованікі.

Маңдайын күн сүйіп,
Қарайды сыр түйіп,
Көкдөнен тау биік,
Арайлы белім.
Мақтаны елімнің,
Ақтаған сенімін,
Ақ гүлі жерімнің
Алмагүлдерім.

Қайырмасы:

Көркің әсем көктем,
Құмырсқа бел көкем,
Күлімдеші, күлші,
Жүзің гүл алма.
Үмбет құмын асып,
Жібек жолын басып,
Келші, сәулем, келші,
Біздің Құланға.

Қарамай тым тұйық,
Сәбидей монтиып,
Басыңа гүл түйіп,
Қолыңды берші.
Луговой шұрайлы,
Келін боп шырайлы,
Серік боп шынайы,
Қасыма ерші.

Қайырмасы:

Көркің әсем көктем,
Құмырсқа бел көкем,
Күлімдеші, күлші,
Жүзің гүл алма.
Үмбет құмын асып,
Жібек жолын басып,
Келші, сәулем, келші,
Біздің Құланға.

Қарақаттай көзің,
Балдай тәтті сөзің,
Алаулаған кезің,
Бақытым менің.
Жон-жотаны баса,
Кел терейік болса,
Қарақатпен қоса,
Уақыт гүлдерін.
Текст добавлен: Erlan D
Комментарии отключены.