Кезінде әсем қала аса мықты,
Тарихы қыш дуалда қашалыпты,
Қазақтың даласында бір жәрменке,
«Көкжар» деп ел-жұртынан ат алыпты.
Қайырмасы:
Ойылым менің – ойдағы елім,
Табыстың тойын тойлаған елім.
Ойылым – арнам ағысы қатты,
Ойылым – арман жайнаған өңір.
Жерұйық Күн - Ананың нұрын алған,
Куә боп Асан қайғы жыры қалған,
Батысқа жібек жолын жалғаған жер,
Құт мекен бабамыздың ізі қалған.
Қайырмасы;
Шұбалып керуен жол қырқаны асып,
Ойылым сұлулықпен тұр таласып,
Бойына шежіресін жатыр бүгіп,
Ежелгі Ақжайықтың бір саласы.
Қайырмасы;