Толтырғандай жаңа айды,
Шаттандырған талайды.
Өсы емес пе қуаныш
Көптен күткен талайғы?!
Ашып тастап түндігін,
Билейді деп кім бүгін.
Бақыт деген сіздерге,
Қолын созып түр бүгін.
қ-сы
Сағындырып кеткендіктен,
Оралғандай өткен көптен,
Қуаныш бұл көптен күткен, ағайын!
Орындалсын ойдағымыз,
Бұзылмасын қаймағымыз,
Құтты болсын тойларыңыз, ағайын!
Тоқтата алмай екпінін,
Қанша қимас өтті күн.
Бұл дүниеде сіздерден,
Бақытты жан жоқ бүгін.
Қарамаймыз біз кейде,
Өтіп кеткен іздерге.
Ай да, күн де жарығын,
Түсіріп тұр сіздерге.
қ-сы