Күмісін шашты себелеп,
Мамырдың күні жайдары.
Көрінді маған керемет
Көкектің алтын айдары.
Припев
Жан-жағым бояу жап-жасыл,
Жан-жағым дос-жар жанашыр,
Жердегі айдай көлдер де
Мен үшін тау, тас бәрі асыл.
Саламыз бірге жас сайран,
Құстар да бірге ойнайды.
Далада думан мәз-мейрам,
Аңдар да бірге тойлайды.
Айнала таулар мұнартқан,
Жайнаған жасыл тоғайлар.
Ойынға ғана құмартқан
Көңілде басқа жоқ ойлар.