Қайран арулар...
Қыздар қыздар қырга шыққан қырмызы гүлдер
Сол қыздарды ойлауменен өтті ғой күндер
Гүлдер өссің тиіспе деп аялап жүрсек
Сабағыңды суырам деп жүр еқен кімдер
Қайран арулар бақыт табындар
Алдарыңда қүтіп тұрған қандай тағдыр бар
Қүлімдейсіңдер гүлім дейсіңдер
Қайсымызға күлей қарап қүлімдейсіңдер
Қиялдарға бізбен бірге қалықтайсыңдар
Қиналтуға жігіттерді жалықпайсыңдар
Гүлдей жайнап қауыздарың ашылған шақта
Көпшілігің сүйген жарға қамықпайсындар
Әлемдегі тіршіліктің тірегісіңдер
Жігіттерге жаның берген жүрегісіңдер
Талай бойдақ жолдарыңда құрбан болды ғой
Қайран қыздар жақсылықты білемісіңдер