Көзіңнен бір ұшқын
Ұшты ма білмедім
Әйтеуір нұр құштым
Әйтеуір гүлдедім
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады
Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған
Әнбісің төгілген
Жырмысың армандай
Бір бақыт көрінген
Жақындап қалғандай
Жанарың ұшқыны
Жүректе жанады
Қолыңның ыстығы
Қолымда қалады
Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған
Мен бүгін бұлақпын
Ілгері жүгірген
Бір нәзік шуақпын
Жаныңа үнілген
Сүйемін мен күнді
Көңілді жалынды
Сен биле еркімді
Әлдиле жанымды