1) Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартсын елім.
Қол жетті міне аңсаған күнге,
Жасай берме жаса қазағым менің.
Қазақстаным жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
Аңсаған бабам, аңсаған елім,
Бостандық еді асыл армадым.
Қайырмасы:
Елім менің аңсаған,
Тас бұғаудан босағаң.
Құтты болсын отауың,
Берік болсын босағаң.
2) Бабамның қаны, анамның жасы,
Сіңген бұл далам қымбатсың маған.
Береке - бірлік қамалдың басы.
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы далам.
Күйінсін жауың, суйінсін досың,
Жиылсын қауым, құйылсын күшің.
Ертеңің үшін аянба елім,
Ояншы елім жиылсын есің.
Қайырмасы:
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Ата - мекен жер үшін.
Берекеңмен бірлігің,
Таси берсін өрісің.