1.Жүрегім, нені сезесің,
Сенен басқа жан жоқ па?
Дүниені, көңілім, кезесің,
Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!
2.Сезгеніңді сездіріп,
Жете алмадың ортаққа.
Тірі жаннан бездіріп,
Апарасың қай жаққа
Қайырмасы:
Күйесің, жүрек, күйесің,
Күйгеніңнен не пайда?
Дүниені көңілім сүйерсің
Өмір қайда, дос қайда?
Досты қайдан табарсың,
Кеңесерге адам жоқ.
Әрлі-берлі шабарсың,
Жалғыздықтан жаман жоқ.
3.Ақыл айтсаң біреуге,
Ішің еріп, егіліп,
Ұялмас ақы тілеуге,
Бермесең қалар түңіліп.