Қиялымды көкке өрлеткен
Көңілімді көктем еткен
Елігімсің - еркем менің
Хабарыңды көптен күткен!
Жан дауасы сене деймін!
Сенсіз күйге бөленбеймін
Бір сәлемің жетер-ау деп
Елігім-ау, елеңдеймін
Тағдыр берген саған көрік
Қарай қалсам, табам ба ерік
Елігім-ау, жетпей қойды
Сенсіз көктем маған келіп
Алігім-ау, жүремін ғой
Сен туралы көп ойланып
Оралмай жүр жыр айналып
Қона алмай жүр ән айналып