Түсімде ылғи бейтаныс бейне
Келеді жылжи күледі кейде
Шақырса желі жанына жетем
Қолымды беріп оянып кетем
Қимаймын ашуға көзімді
Арман қыз тыңдашы сөзімді
Өмірде сен кездеспесең де
Түсімде күтермін өзіңді
Өңімде бүгін кездестің еркем
Келесің күліп сызылып көркем
Кездестік міне қасыңа жеттім
Құшақтай сүйе оянып кеттім