01. Бақытым бұлағымдай,
Балауса құрағындай,
Еркеледің сен.
Көзімнің жалынымен,
Сезімнің ағынымен,
Өртеп едің сен.
Кайырмасы:
Сол бір сезім кетті қайда,
Сол бір көзің қайда.
Сол бір көктем оралмай ма,
Бақыт қайта қона алмай ма.
02. Шуақты арманымдай,
Шұғыла тандарымдай,
Еркеледің сен.
Жанымның шаттығымен,
Арымның пәктігімен,
Өртеп едің сен.
Кайырмасы