Мен тілейін,
Жарқыным, сен де тіле:
Жақсылық орнасын де жер бетіне.
Аққу тіле айдынның келбетіне,
Айдын тіле аққуды тербетуге.
Мен аңсаймын,
Сен-дағы аңса жаным:
Жақсыдан жайлап ескен жан самалын.
Аңса, жаным,
Зарығып, шарша, жаным,
Қалсы да қанша ғұмыр, қанша амалың
Аңса, жаным.
Мен сағынам,
Сен-дағы сағын, жаным,
Адамнан тек жақсылық табылғанын,
Ашусыз, ала көзсіз бауырлардың
Аңсаймын алқам-салқам қауымдарын.
Көңілім болса-дағы қанша жарым,
Солармен білінбейді шаршағаным.
Жақсыдан жайлап ескен жан самалын
Жабықпай аңса, жаным,
Аңса жаным!!!...