1.Жүрегімде қалды сыз неге?
Сыз қалдырды сол бір қыз неге?
Үмітіңді маған үз деме,
Үзер болсаң енді іздеме.
Өмір - теңіз, жаным, біз - кеме.
Қосылады біздің із неге?
Жазда, қыста, көктем, күзде де,
Іздеме, іздеме!
2.Іздесең де, мейлі, қаншама,
Таусылады таппай бар шара.
Қараушы едім саған тамсана,
Енді мені, жаным, аңсама.
Ханшайымым, мені хан сана,
Бақ-жұлдызың қанша жанса да,
Көздеріңе моншақ тамса да
Аңсама, аңсама!
Ханшайымым, мені хан сана,
Бақ-жұлдызың қанша жанса да,
Көздеріңе моншақ тамса да
Аңсама, аңсама!
Өмір - теңіз, жаным, біз - кеме.
Қосылады біздің із неге?
Жазда, қыста, көктем, күзде де,
Іздеме, іздеме!