1.Сен деп соқса жүрегім
Кінәлайды мені кім
Атса таңдар ұйқысыз
Сүйгенім ғой сені шын
Сен қолыңды бермесең
Азабыңа төзбес ем
Сен орнатқан бақыттың
Тұтқынымын демес ем
Қ-сы
Ақ құсым-ау ақ құсым-ау
Жақынбысың жатпысың-ау
Бәз біреудің қолы жетпес
Маған қонған бақпысың-ау
2.Сен деп сезім тербесе
Бір сәт тыным бермесе
Жалғыз сені жалғанд
Ұнатқаным ендеше
Таңға нұрмен жуылған
Жанарыңнан сыр ұғам
Дәл өзіңдей асылды
Армандаушы ем бұрыннан