1.Жүрегімде ерте ашылған
Махаббаттың гүлісің бе сен?
Кірпігіме келіп асылған,
Көздерімнің мұңысың ба сен?
Сенің ғана бағың болам деп,
Сөздеріңе сендірген едің.
Неге енді ұмыт бәрін деп,
Сезімімді сөндіре бердің?
Қайырмасы:
Жоқ!
Сені, жаным, ұмыта алмаймын!
Жоқ!
Сені мәңгі есте сақтаймын!
Жоқ!
Сені, жаным, ұмытқаным жоқ.
Жоқ!
Қадамашы жүрегіме оқ.
Қалай ғана ұмытайын мен,
Өзіңменен өткен күндерді?
Бал шырына қана алмай қалған,
Сол ғажайып айлы түндерді?
2.Тым болмаса түсіме енші,
Жұбатайын өзіңді бір сәт.
Елесім боп қасыма келші,
Соның өзі мен үшін бір бақ.
Қолым жетпей сенің шашыңа
Шаштарыңның иісін сағындым.
Күлімсіреп келіп қасыма,
Еркелегеніңді сағындым.
Қайырмасы:
Жоқ!
Сені, жаным, ұмыта алмаймын!
Жоқ!
Сені мәңгі есте сақтаймын!
Жоқ!
Сені, жаным, ұмытқаным жоқ.
Жоқ!
Қадамашы жүрегіме оқ.
Қалай ғана ұмытайын мен,
Өзіңменен өткен күндерді?
Бал шырына қана алмай қалған,
Сол ғажайып айлы түндерді?