Мөлдіреген, жәудіреген жанарлым,
Айтшы, маған кім үшін сен жаралдың?
Іштей ғана жақсы көріп жүретін,
Саған, жаным, сырттай ғашық адаммын!..
Көзді айтпасам.. Сені іздеген тағы әр күн,
Сөзді айтпасам… Өкініште қалармын.
Іштей сүйіп, іштей күйіп жүретін,
Саған, жаным, сырттай ғашық адаммын!..
Сенің жұмбақ тағдырыңа алаңмын,
Мұңайтса да махаббатқа адалмын.
Есіміңді қайталадым тағы іштей,
Саған, жаным, сырттай ғашық адаммын!..
Мөлдіреген, жәудіреген жанарлым,
Айтшы, маған кім үшін сен жаралдың?
Іштей ғана жақсы көріп жүретін,
Саған, жаным, сырттай ғашық адаммын!..
Көзді айтпасам.. Сені іздеген тағы әр күн,
Сөзді айтпасам… Өкініште қалармын.
Іштей сүйіп, іштей күйіп жүретін,
Саған, жаным, сырттай ғашық адаммын!..