Сағыныштан жарылуға таяумын,
Ал ұйқыда тек мен ғана ояумын.
Қайда сенің жапырақтарың ақ қайың,
Қайда маған жүрек болған аяулым.
Қ-сы:
Сенің ғана жапырағыңа күз келмейді.
Сағыныштан сыр айтар ем сөз келмейді,
Жалынсаңда өмір заңы өзгермейді,өзгермейді
Күзгі қайың,күзгі қайың,көктемге бір жету ғой біздің уайым
Неге мені қалдырады екен аспанда,
Неге сені тоңдырады екен ақ қарға
Кел екеуміз көптен күткен бақтарға
Жылынайық естен кетпес шақтарға
Өтер өмір аяз-қарда аптапта,
Мүмкін болса жапырағыңда таптатпа,
Отыршеле қайынға бер көктемііі
Маған төзім беруіңді тоқтатпа