Ұнаттым, қарақат көздеріңді,
Қараған сәттерімде күлімдеген
Бар әлем жанарыңда, сендей жан табамын ба
Өзіңсің шын мен үшін өмір деген
Ләйлісін Мәжнүн сүйгендей естен адасып
Көркіңе сенің айменен жүрмін таласып
Күндіз нұр төгіп түнде сыр айтып жанарың
Жүрек төрінде өмір шырағын жағасың
Жүректің иесі өзің едің
Бір тылсым керемет бар келбетіңде
Жанымды баурап алған, жүректі жаулап алған
Нәп-нәзік махаббатым жер бетінде
Ләйлісін Мәжнүн сүйгендей естен адасып
Көркіңе сенің айменен жүрмін таласып
Күндіз нұр төгіп түнде сыр айтып жанарың
Жүрек төрінде өмір шырағын жағасың