ҚЫЗ СЫРЫ
Сөзі: Жексен Қарақұлов.
Әні: Медет Хамитов.
Сенде көңіл ақ кептер.
Бейне таза , ақ дәптер.
Арманы ма , дейтұғын
О махаббат , сен жеткер.
Қыз жүрегі , тым нәзік.
Сыр сандығын, ашпайды.
Жұмбақ жасап, шешілмес
Су түбіне , тастайды.
Біле алмайсын, сен оны.
Көңіл, көктем әлде күз.
Ешкімгеде , белгісіз
Қыз қадамы, басқан із.
Мың жұмбактың, шешімі.
Жүрегінде ., сақталған.
Онда жатыр, тәті ой.
Бақыт күтер, тәтті арман.
Құс секілді , бұл бақыт.
Қонар сені , таңдаса.
Алау болып .лауламас
Ғашық болып, жанбаса.
Болмас бөтен сар дала.
Гүлге толмаи ,айдала.
Сезім келсе.журекке.
Сыбырлайды. жайғана.
Содан деисің, сағыныш.
Жыр толқыны, тасады.
Кездеспесең, сырласып.
Арна толып, асады.
Оған шейін, көп уақыт.
Сені күтер, бар бақыт.
Шын ғашык боп сағынса
Кездесітер бар уақыт...