Ақмаралым
Еріксіз баурап, жанымды еркем тербейсің,
Ай сағындым неге келмейсің.
Шөлімді басар бұлағым
Шыңдағы биік шынарым
Жүректі өзің емдейсің.
______________
Теңіздей кейде тасыттың,
Ақмаралым
Темірдей кейде жасұттың
Ақмаралым
Көрсемдеп күнде асықтым.,
Ақмаралым
Мен саған ғана ғашықпын.
___________
Көңілдің күйін шертетін сен дейсің,
Ай сағындым неге келмейсің.
Шуағын шашқан күндейсің,
Құшағын ашқан түндейсің
Үміттің шоғын үрлейсің
___________
Мәжмүндей болдым мендеймін
Ақмаралым
Ешкімге сені бермеймін
Уа Ақмаралым
Қолымнан ұста ер деймін
Ақмаралым
Сағындым жаным кел деймін
_____________
Қайырмасы
Теңіздей кейде тасыттың
Ақмаралым
Темірдей кейде жасұттың
Ақмаралым
Көрсемдеп күнде асықтым
Ақмаралым
Мен саған ғана ғашықпын.
_____________
Мәжмүндей болдым мендеймін
Ешкімге сені бермеймін