Ауыл десе анам түсер есіме
Зар болдым ғой дауысыңа сөзіңе
Ауылыма барып жүрем сағына
Ана келем, жолыға алмай өзіңе
Қайырмасы:
Үйге барсам, бірақ анам үйде жоқ
Мұндай арман кімде барда, кімде жоқ
Жаным ана сағынғанда өзіңді
Жас баладай жылаймын ана тоқтаусыз
Тоқтаусыз-ай, тоқтаусыз
Жоқтығыңыз жүрегіме сезіліп
Құлағыма сөйлеген сөз періште
Бұл өмірде жолығыңдар анаңа
Жазсын енді жолығуды пейіште
Қайырмасы:
Үйге барсам, бірақ анам үйде жоқ
Мұндай арман кімде барда, кімде жоқ
Жаным ана сағынғанда өзіңді
Жас баладай жылаймын ана тоқтаусыз
Тоқтаусыз-ай, тоқтаусыз
Үйге барсам, бірақ анам үйде жоқ
Мұндай арман кімде барда, кімде жоқ
Қайырмасы:
Үйге барсам; бірақ анам үйде жоқ
Мұндай арман кімде барда, кімде жоқ
Жаным ана сағынғанда өзіңді
Жас баладай жылаймын ана тоқтаусыз
Тоқтаусыз-ай, тоқтаусыз
Тоқтаусыз-ай тоқтаусыз