Жыламағын
Шыда жаным
Мен де сені қимаймын
Күйіп біліп
Сүйіп тұрып
Тағдырыңа сыймаймын
Өзің дедім
Көзімде мұң
Жаным сені қимаймын
Жанымның таба алмадым бір емін,
Біз бірге бола алмаймыз білемін.
Өткенге өкіндіріп өртенген,
Жүрегім,Жүрегім
Қалай ұмытсын сені жүрегім,
Жанымды жылындырған күн едің.
Мәңгілік өзіңменен қалады
Жүрегім,Жүрегім
Сен ғанасың
Сен қаласың
Жүрегімді мекендеп
Бос ұғардай
Қосыла алмай
Ғашық жандар өтер көп
Шетінен біз
Өкінерміз
Тағдыр солай екен деп