Кел деп едiң, Илигай, келiп тұрмын
Отқа түспей өртенiп ерiп тұрмын
Сертке тұрсаң мен сендiк жаным құрбан
Сырым осы сертiмдi берiп тұрмын
Айналайын қарағым, қара қасым
Қара мақпал жiбектей қара шашың
Баласындай елiктiң егiлемiн
Сенi ойласам мөлдiреп көзден жасым
Илигай деп атыңды қойдым ттаңдап
Әнге қостым атыңды әдейi арнап
Еркiн таудың еркесi, елiк болсаң
Мен де өзiңдей жалғызбын ерке саңлақ